Алматыда қаржы пирамидасын құрған үш бойжеткен мен бір жігіт ұсталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полициясы қаржы пирамидасының негізін қалаушыларды ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Олар- Қытай Халық Республикасының төрт тумасы, олардың екеуі «қандас» мәртебесімен Қазақстан азаматтығын алған, тағы екеуінің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар.

Күдіктілер қамауға алынды. Басты тұлға – 26 жастағы Д. есімді әйел уақытша ұстау изоляторынада. Топтың басқа мүшелерінің қылмысқа қатысы мен рөлі тергеу барысында анықталатын болады.

«Күдіктілер келесідей жоспар бойынша әрекет етті: «Лазада групп» компаниясының атынан әрекет ете отырып, олар интернетте капиталды ұлғайту мүмкіндігі туралы хабарландыру жариялады және азаматтарға криптовалютаға салым салуды ұсынды. Миллиондаған теңге салғандар бар. Шын мәнінде, «кәсіпті» ұйымдастырушылар дивидендтерді төлеуді ойламаған да, олар бастапқыдан-ақ халықты алдауды мақсат еткен. Зардап шеккендер аудандық полиция басқармаларына жүгіне бастады», – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілерді қаланың криминалдық полициясының, сондай-ақ Наурызбай және Алмалы аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері Ақкент шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде ұстады.

«Мәселе үш қыз бен бір жас жігіт туралы болып отыр. Топтың ең үлкен мүшесі – 26-да, алдын ала мәлімет бойынша, ол жетекші, ең жасы небәрі 20-да.

– Жедел-тергеу тобы күдіктілердің үйлерін тексеру барысында әртүрлі адамның атына ашылған 60-тан астам банк картасын, төрт ұялы телефонды, sim-карта мен ноутбуктарды тәркіледі. Маңызды деталь: жалға алынған пәтерден банктік карта шоттары мен құпия сөздері бар бес дәптер де табылды»,- дейді ол.

Полиция өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта бірқатар қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар