+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматыда қаруланған ер адам балабақшаға кірмекке әрекеттенген

2021 жылғы 24 қыркүйек 12:45
Бөлісіңіз:
Алматыда қаруланған ер адам балабақшаға кірмекке әрекеттенген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда белгісіз ер адам тапаншамен балабақша аумағына кірмекші болды, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Жасыл қала» науқаны басталды Алматы әуежайында 47 жастағы ер адам полицейдің ар-намысына тигені үшін ұсталды Түркістан облысында жол апатынан 6 адам қаза болды

Алматыда қолында тапаншасы бар ер адам балабақша аумағына кірмекші болды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Белгісіз ер адам балабақша аумағына күзетшіні тапаншамен қорқытып кірмек болған. Мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі полиция жасағын шақырды»,- дейді бейнежазба авторы.

Оқиға Наурызбай ауданының коттедж қалашығында орналасқан «Ашамай-2» балабабақшасында болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркелді.

«Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оның ішінде қаруға меншік құқығы бар жоғы анықталады. Содан кейін заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады»,- деп хабарлады полициядан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT