+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Алматыда қару-жарақ құрастырып, сатып келген 10 адам сотталды

2020 жылғы 24 ақпан 10:15
Бөлісіңіз:
Алматыда қару-жарақ құрастырып, сатып келген 10 адам сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті әшкерелеп, ұстаған заңсыз қару-жарақ сатқан қылмыскерлер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, өткен жылы маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізумен заңсыз айналысқан халықаралық арнаның жолын кескен еді.

«Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 тапанша, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарағы алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмысқа қатысы бары анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәріні ұрлап келген» деп хабарлайды комитеттен.

Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды.

Биылғы 27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен айыпталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT