Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан тағы бір күдікті ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Анна» қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан тағы бір адам ұсталды. Бұл - бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған 33 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 қаңтарда Алматыда С. есімді азамат қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан.

Атап айтқанда, дүкеннің есіктеріне орнатылған торды сындыру үшін трос байланған ВАЗ-2114 автокөлігін жүргізген.

Осы заңсыз әрекетінің нәтижесінде күдікті екі тегіс ұңғылы және екі мылтықты алып кеткен.

«Қазіргі уақытта оның жаппай тәртіпсіздік пен қарулы шабуылдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Естеріңізге сала кетейін, сол күні қалада бір мезгілде жеті қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалды, қылмыскерлер 1 347 қаруды, оның ішінде 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қаруды әкеткен, сондай-ақ оқ-дәрі тоналды», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ұрланған қару күдіктінің үйінен тәркіленді. Айту керек, ол бұған дейін де біреудің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған.

«Бесі күні үйден шықтым. Бес бейтаныс адам көлігімді тоқтатып, «жүр, аға, кеттік. Біз саған жол көрсетеміз» деп көлікке мініп алды. Біз қару-жарақ сататын дүкенге келген екенбіз. Олар менің көлігіме трос байлады және тартуды бұйырды. Терезелері, есіктері сынған. Бұл белгісіз біреулер көлік ішіне екі автоматты әкелді, жүк салғышқа екі мылтықты лақтырды. Сосын мен осы қарумен кетіп қалдым», – деді күдікті.

Күдікті қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар