Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан 18 жастағы жігіт ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкерлері қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы комендатурасының мәліметінше, қирату, тонау кезінде ұрланған қаруды Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны арнайы қоймада жасырған.

Күдіктіні Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады.

Жауап алу кезінде ер адам қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады.

Оның ұрланған мылтықтарды карьерлердегі қоймада сақтағаны анықталды.

Күдіктінің бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатыстылығын анықтау, сондай-ақ, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар