Алматыда қару ұстап жүргендер қамалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция арнайы операция кезінде қару ұстап жүрген адамдарды ұстап, олар уақытша қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы операцияны криминиалды полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді.

«Кешкі 20:00 шамасында Шевченко көшесінде «Мерседес» көлігі тоқтатылған болатын. Жеке тінту кезінде 30 жастағы жүргізушінің қолынан 9 патрон салынған «Grand Power Т10» маркалы тапанша табылды. 28 жастағы жолаушы бір заттарды далаға лақтырып жібермек болды. Сараптама қорытындысына сенсек, ол «Макаров» тапаншасы болып шықты. Бұл дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағы бойынша бірыңғай тергеу ісі ресстріне тіркелді. Бұл істі Медеу аудандық криминалды полиция басқармасы қарап жатыр. Ұсталған тұлғалар уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді Алматы қалалық ПД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.


Соңғы жаңалықтар