Алматыда қару дүкенін тонаған 32 жастағы азамат сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері Алмалы және Алатау ауданында аңшы дүкенін тонауға қатысқан екі азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1990 жылы туған Н есімді азамат қаңтар оқиғасы кезінде аңшылық дүкеннен қару ұрлағаны үшін сотталды.

«Ол ұрлаған қару-жарақ қоймасының орны – қала шетіндегі үйіндіден анықталды. Нәтижесінде 22 калибрлі «SAVAGE» бұрандалы карабині мен 12 калибрлі «ATA ARMS» тегіс ұңғылы мылтығы тәркіленді. Қылмыстың сыбайластарымен қатар басқа да қару-жарақ жасырылған орындар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз»,- Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қаланың Алатау ауданында ұсталған екінші күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Күдіктінің қаруды жасырған орны табылды. Қару сараптамаға жіберілді. Қазір ол ұсталып, қамауға алынды «, - деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Құмарбек Кеншінбаев.


Соңғы жаңалықтар