Алматыда картоп арзандайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мегаполисте картоптың құны жақын арада төмендейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта картоптың бағасы шарықтау шегіне жетті, ол жақын арада төмендейді.

«Жыл сайын, маусымаралық кезеңде былтырғы көкөністің көлемі мен сапасының төмендеуіне және биылғы өнімді жеткізуге байланысты картоптың қысқа мерзімді жетіспеушілігі байқалады. Алдағы 2 аптада Түркістан облысынан картоп жеткізіледі. Бұл бағаның төмендеуіне оң әсер етеді. Бір келі картоп 150 теңгеге дейін төмендейді», - деп түсіндірді басқармадағылар.

Алматы қаласы жылына шамамен 200 мың тонна картоп тұтынады.

Мегаполиске картоп Павлодар, Алматы, Қарағанды және басқа облыстардан жеткізіледі.


Соңғы жаңалықтар