Алматыда қарсыз қыс 30 млн. теңге көлемінде қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биылғы қарсыз қыста қалалық коммуналдық қызмет кәсіпорындары 30 млн теңге үнемдеді. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.

«Биылғы қарсыз қыста жанар-жағармай да, қосынды да үнемделді. Бұның есебінен аудандық әкімдіктерге бөлініп берілген қаржыдан 30 млн. теңге үнемделді. Егер қаңтар, ақпан айларында да қар аз түссе бұдан да көп қаржы бюджетке қайтарылады», - деді Е.Оразалин.

Спикердің айтуынша, Алматыда 270 мың га аумақ бар. Олардың 11 мың шаршы метрі тұрғын үйлер мен аулалар болса, қалған аумақ коммуналды тазалауды қажет етеді. «Алматы Тазалық» кәсіпорны қаладағы тазалық жұмыстарының 60 пайызын орындап отыр.

Айта кету керек, Алматыда жасыл-желек суару, жазғы тазалау, қоқыс жинау, қысқы тазалау сияқты коммуналды жұмыстарды жүргізуге 3,5 млрд. теңге бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар