Алматыда қарсы жолақпен жүрген көлік жүргізушісі жазаланады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қарсы жолақпен жүрген көлік жүргізушісі жазаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде қарсы жолаққа шыққан жүргізушінің видеосы пайда болды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол ережесін қасақана бұзған ер адам анықталды. Ол 58 жастағы Алматы тұрғыны.

«Құқық бұзушының заңсыз әрекеттері әлеуметтік желілерде тарады. «Hyundai Santa Fe» көлігін басқарған ер адамның кім екені анықталды. Ол - 1963 жылы туған А. есімді азамат. Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі ҚР ӘқбК 601-бабының 1-тармағы және 596-бабының 2-бөлімі бойынша жазаға тартылады. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды», - деді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.


Соңғы жаңалықтар