Алматыда қарсы жолақпен артқа жүрген 18 жастағы жүргізуші ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саин көшесінде қарсы жолақпен, артқа жүрген мемлекеттік нөмірі жоқ «Lexus» көлігінің жүргізушісі қолға түсті. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

«Тексеру Алматы қаласы полиця департаментінің арнайы батальон қызметкерлеріне жүктелді. Құқық бұзушы – 2004 жылы 19 ақпанда туған М. есімді азамат. Ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ҚК 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 5-бөлігі, 590-бабының 7-бөлігі, 595-бабының 2-бөлігі, 602-бабының 1-1-бөлігі, 603-бабының 2-бөлігі, 612-бабының 2-бөлігі және 614-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды»,- деп хабарлады полициядан.

Бұған дейін Алматыда полицейлер қарсы жолақпен артқа жүріп, жаппай көлік апатына себепкер болған жүргізушіні іздестіріп жатқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар