Алматыда қардың қалың түсуінен 12 ағаш құлап, 4 көлікті зақымдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қардың қалың түсуінен 12 ағаш құлаған.

Бұл туралы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлады.

«Қалада 12 ағаш құлап, 20 бұтақ сынған. Құлаған ағаштар 4 көлікті зақымдады. Бұл ағаштар аула ішінде өсіп тұрғандықтан, олардың апатты жағдайына ПИК пен үй иелері жауапты», - деді басқармадан.

Айта кету керек, 15 қараша күні кешкі 19:30-да Алматыда жауын жауып, арты қарға ұласты. Таулы аймақтарда 35 см қалыңдықта қар жауса, қалада 10-13 см-ге жетті. Абай көшесінен оңтүстікке қарай жолда құмды-хлоридті қосынды төселді. Таулы аймақтардан 280 текше метр көлемінде қар сыртқа шығарылды. Түнгі қар тазалауға 292 тазалағыш, оның ішінде 92 құм сепкіш техника, 410 адам жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар