+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Алматыда қараусыз қалған учаскеден 800 КамАЗ қоқыс шығарылды

2021 жылғы 15 қыркүйек 09:53
Бөлісіңіз:
Алматыда қараусыз қалған учаскеден 800 КамАЗ қоқыс шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жолдар мен жаяу жүргіншілер аймағын жөндеу барысымен, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктердің абаттандырылуымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Төле би көшесінде Байтұрсынов көшесінен Яссауи көшесіне дейін жалпы ұзындығы 8,5 шақырым болатын жол жөнделіп жатыр. Тротуар жамылғысы жаңарып, жиектер мен арық науалары ішінара ауыстырылды. Тар учаскелерде - Байтұрсынов көшесінен Әуезов көшесіне дейін - трамвай рельстері алынып жатыр. Осылайша, жөнделетін жолдың ұзындығы бойынша жүріс бөлігінің ені бірдей болады»,- дейді Алматы әкімі.

Жол жиегінің бойына аялдама қалталары жоқ қоғамдық көліктің жолақтары болады. Бұл ретте жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін жерлерде жалпыға арналған тұрақ қалталары ұйымдастырылған. Негізгі көшелермен қиылысқа дейін бұрылыс үзілістері болады.

Бүгінде Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін және Б.Момышұлы көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі учаскелерге асфальт төсеу аяқталды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды және орталық көшені көлік қозғалысы үшін белгіленген мерзімде ашуды тапсырды.

Қала әкімі сондай-ақ Наурызбай ауданының әкімшілік орталығында Б.Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейінгі жаңа метро станцияларының құрылысы мен Абай даңғылын ұзарту барысын тексерді.

«Жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін Төле би көшесінің бойында Яссауи көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейін серуендеу аймағының құрылысы аяқталуда. «Бюджетке қатысу» аясында жүзеге асырылатын жобасы бойынша ағымдағы жөндеу, учаскені асфальттау, орындықтар, дауыс беру жәшіктерін орнату, жарықтандыру бағаналары қарастырылған»,- деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Алтын бесік шағынауданы тұрғындарының өтініші бойынша Әнет баба көшесінің бойындағы бос жатқан жерге ойын алаңы мен футбол алаңы салынып жатыр.

Жақын жерде балабақша құрылысы жоспарланған. Трудовая көшесінің бойындағы қараусыз қалған алаңнан 800-ге жуық КамАЗ құрылыс пен тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Енді мұнда спорт, балалардың ойын және футбол алаңдары пайда болады.

Алатау ауданында Бақытжан Сағынтаев «Нұркент» шағынауданындағы 18 үйдің жаңартылған қасбеттерін қарап шықты. Жұмыс аяқталуға жақын. Тұрғындардың белсенді қатысуымен ауланың аумағы ретке келтіріледі.

Мегаполис әкімі Ұлттық ғылыми орталығының құрылысын да тексерді. Жаңа медициналық мекеме Елбасы тапсырысымен салынып жатыр, ол 350 төсек-орынға арналған.

«Нұркент» шағынауданында бұқаралық спортпен шұғылдануға жағдай жасау мақсатында бюджет қаражаты есебінен 14 кортқа арналған теннис орталығы - 4 жабық және 10 ашық алаңдар салынуда.

Сонымен қатар, оның жанынан жеке инвестиция есебінен 12 үстел теннисі орталығы салынуда. Жыл соңына дейін жаңа спорт нысандарын пайдалануға беру жоспарланған.

Жұмыс сапары кезінде қала әкімі «Алатау» шығармашылық хабының екінші қабатындағы IT-зертхананы ашуға арналған үй-жайларды қарап шықты.

Бұл IT-индустрия инфрақұрылымын дамыту үшін құрылған ұқсас зертханалардың кең желісі нүктелерінің біріне айналады.

Бақытжан Сағынтаев тиісінше «Саялы» шағынауданындағы және «Томирис» шағынауданындағы 1800 және 1500 орындық мектептердің құрылыс қарқынымен танысты.

Жаңа білім нысандарын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Жұмыс сапарының соңында Алматы әкімі «Томирис» және «Шаңырақ-2» шағынаудандарындағы «Бюджетке қатысу» аясында бос учаскелердің орнына салынған жаңа балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын қарап шықты.

Жалпы, осы жоба аясында биыл Алатау ауданында 27 жергілікті спорт және ойын алаңдары ашылады, олар барлық шағынаудан тұрғындары үшін қолжетімді болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT