Алматыда қарашаның соңына қарай күн жылынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жауын-шашын тоқтап, қараша айының соңына дейін күн жылы болады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне «Казгидромет» РМК-нен хабарлады. Синоптиктердің болжауынша, кеше Алматыда мол түскен ылғал оңтүстік Каспий циклонының келуімен байланысты.

«Оңтүстік Каспий циклонының келуімен Қазақстаннын оңтүстік-шығысында жауын-шашын түсті. Солтүстіктен келген суық ауа массасының ықпалымен жаңбыр соңы қарға айналды. Бүгін күн бұлтты болады, бірақ жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -8, -13, күндіз -3, -8-ге дейін суытады», деді «Казгидромет» РМК кезекші маманы.

Оның айтуынша, 30 қарашаға қарай ауа райы бірте-бірте жылына бастайды.

«Аптаның соңына қарай ауа райын антициклон қалыптастырады. Яғни, ауа температурасы түнде -8, -13-ден -3, -8-ге дейін түссе, күндіз -3, -8-ден +2 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ түнде тұман басып, көктайғақ болады»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар