+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматыда «қарапайым заттар экономикасы» бойынша 22,2 млрд теңгенің жобасы мақұлданды

2021 жылғы 14 қазан 16:10
Бөлісіңіз:
Алматыда «қарапайым заттар экономикасы» бойынша 22,2 млрд теңгенің жобасы мақұлданды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде кәсіпкерлерді қолдау бойынша осы жылы қандай бағдарламалар іске асқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қылмыс деңгейі 5,4% төмендеді Қызылордада жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 543 млрд. теңгенің өнімін өндірді Қазақстан шикізаттық емес тауарлар экспортын 29 млрд доларға ұлғайтпақ

Палата директорының айтуынша, жыл басынан бері «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 22,2 млрд теңгеге 17 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 87%, қалғаны қызмет көрсету саласы.

«Жобалардың ең көбі «Бизнестің жол картасы – 2025» аясында қаржыландырылды. Барлығы 84,5 млрд теңгеге 1 199 жобаға көмек көрсетілді. Ал, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд теңгенің 73 жобасы қаржыландырылды. Биылдан бастап «алматылық өндірушілер» пулы құрылды. Сонымен қатар, біз Алматы қаласы әкімінің орынбасарларымен бірлесіп, өндірушілердің проблемалары мен нақты жүктемесін анықтау үшін 25 отандық кәсіпорынға бардық», - деді ол.

Нәтижесінде «Аль Бакара», «Алма-мебель» және «Торнадо PLUS» ЖШС-мен 400 млн теңгеге мектеп жиһазын жеткізуге, «Склад ОВ» кәсіпорнымен 50,6 млн теңге сомасына 19 мың секция радиаторын жеткізуге келісімшарт жасалған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында «Алматылифт» компаниясы 449 млн теңгеге 46 лифт жеткізбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT