+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Алматыда карантинге қарамастан мейрамханаларда той өткен

2020 жылғы 15 қыркүйек 19:11
Бөлісіңіз:
Алматыда карантинге қарамастан мейрамханаларда той өткен

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бір апта ішінде Алматыда карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары қаңтардың аяғына дейін ұзартылды Қапшағайда карантин кезінде жұмыс істеген казино иесі 1 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде мониторингі тобы бір аптада 39 нысан мен 83 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғанын анықтады. Оларға жалпы 16 млн 376 мың теңге айыппұл салынды. Әкімшілік соттың қарауына 1 материал жіберілді.

Кәсіпкерлік субъектілерінде негізінен дезинфекция құралы болмаған, жұмыс режимі, маска режимі бұзылған.

«Алматы қаласы Түрксіб ауданының мониторинг тобы «Ламази» мейрамханасында 60 адамға арналған құдалық өткенін анықтады. Осыған ұқсас заңбұзушылық Медеу ауданындағы «Айлина» мейрамханасында тіркелген. Кәсіпкерлерге хаттама толтырылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деді департамент өкілі.

17 тамыздан бастап осы уақытқа дейін мониторинг топтары 9 мыңнан астам тексеруге барды. Әкімшілік бұзушылықтар туралы 3 756 хаттама толтырылды. Өз еркімен 1 635 нысан қызметін тоқтатты. Маска режимін бұзғаны үшін - 3 366 жеке тұлғаға, оның ішінде Арбат аумағында 69 адамға айыппұл салынды. Қоғамдық көлікте 27 тамыздан бері маска тақпағаны үшін 61 жеке тұлғаға айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 6 мониторинг тобы карантин шараларының сақталуын бақылауда. Оның құрамына әкімдік өкілдері, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, сондай-ақ полиция қызметкерлері кіреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT