Алматыда карантин тәртібін бұзған 2410 адамға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполисте қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері белгілеген карантиндік нормаларды бұзғандарды анықтау және олардың алдын алу бойынша 40 мониторинг тобы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте мониторинг тобы белгіленген шектеулерді бұзған 9 нысанды анықтады. Оның 8-і мейрамхана, дәмхана мен дүкен және біреуі - сауна. Сонымен қатар, 55 жеке тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

«19 наурыз бен 5 сәуір аралығында 457 мекеме карантин шарасын бұзған. Оның ішінде:

- Алатау ауданы бойынша - 15 факт ;

- Алмалы ауданы бойынша - 90;

- Әуезов ауданы бойынша - 79;

- Бостандық ауданы бойынша - 74;

- Жетісу ауданы бойынша – 36;

- Медеу ауданы бойынша - 61;

- Наурызбай ауданы бойынша – 32;

- Түрксіб ауданы бойынша - 56.

Анықталған нысандардың жалпы санының ішінде мыналар бар: 299 мейрамхана, дәмхана мен дүкен, 68 компьютерлік клуб, 12 бильярд клубы, 37 СПА-салон, 21 сауна, 2 кальян бары, 11 караоке клубы, 3 лото клубы, 5 түнгі клуб. 2410 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды»,- деп хабарлады Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.


Соңғы жаңалықтар