Алматыда карантин талаптарына қатысты жаңа қаулы шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шектеулерге қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес, қалада бұқаралық іс-шараларға тыйым салу сақталады.

«Атап айтқанда, караоке, түнгі клубтар, кинотеатрлар, фудкорт жұмыс істемейді. Заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілер, ұйымдық-құқықтық нысандар қызметкерлердің 30 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек. Жолаушылар ағынын азайту мақсатында қоғамдық көліктің барынша көп шығуын қамтамасыз ету қажет. Аудан әкімдері мониторингілік топтардың жұмысын жандандыруы тиіс. Көпқабатты үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарын аптасына бір рет дезинфекциялау міндеттеледі»,– делінген құжатта.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар