Алматыда карантин талаптарын сақтамаған 1000-нан астам адамға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1000 астам адамға карантин талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында Алматы қаласында әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінің арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылды.

5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 1 мың 22 адам тартылды. Ал кеше 90 адамға хаттама толтырылды.

«Азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету, тамақтану орындары және т.б. үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар, санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді. Арнайы рейдтер барлық жерде және тұрақты негізде жүргізілуде», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.


Соңғы жаңалықтар