Алматыда карантин талаптарын бұзған 14 нысанның жұмысы тоқтатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мобильді топтар жүргізген рейд барысында карантин талаптарын бұзған 14 нысанның жұмысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 шілдеде қала бойынша 43 мобильді топ 308 нысан тексерілген болатын.

Нәтижесінде 14 нысанның жұмысы тоқтатылды. 156 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, 207 нысан бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бақылауға алынды.

Бұған дейін Алматыда 400 адамға маска тақпаған үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфир барысында айтты.

Ал кеше Алматыда автобуста маскасыз отырғаны үшін ескерту алған қыз ашуға бой алдырған болатын. Қыздың әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды.


Соңғы жаңалықтар