+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Алматыда карантин талаптарын бұзған 14 мекеме иесі айыппұл төлейді

2021 жылғы 21 қыркүйек 18:56
Бөлісіңіз:
Алматыда карантин талаптарын бұзған 14 мекеме иесі айыппұл төлейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір тәулікте карантин талаптарын бұзған 14 нысан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда вакцина алғандар саны 1 миллионға жуықтады Алматыда дарынды оқушыларға арналған «Qabilet» қызметі іске қосылды Алматыда әлеуметтік желі арқылы елді алдаған екі жас жігіт ұсталды

Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды, айыппұл салынады. Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин талаптарын бұзған мекемелерді атады.

Мәселен, 19 қыркүйекте Наурызбай аданындағы «Baqsarai» мейрамханасы мен «Amelie» кафесі тыйым салынғанына қарамастан банкет өткізген. Дәл осы күні тексерушілер Алмалы ауданының «Медальон» мейрамханасы мен RST стом стоматологиясы қызметкерлерінің маска режимін бұзғанын анықтады. Барлық материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Түнде мониторинг топ өкілдері Әуезов ауданындағы «Айнұр» кафесінде және «House pub» барында, Алмалы ауданындағы «Проссеко бар» мейрамханасында жұмыс және маска режимін сақтамай, карантин талаптарын бұзғанын анықтады.

Сонымен қатар, тәртіп бұзушылардың арасында Желтоқсан көшесіндегі «Мята Платинум» лаундж-бары, Брусиловский көшесіндегі «Арша» мейрамханасы, Медеу ауданындағы «Hookah-dreems» barы, Радлов көшесіндегі «Loto club», Бостандық ауданындағы «Кишлак» мейрамханасы, «Storm» және «Battle» palace компьютерлік клубтары бар.

Алматы әкімдігі тұрғындарды карантин талаптарын орындауға, санитарлық ережелерді сақтауға шақырады, өйткені эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT