Алматыда карантин талабын бұзған 25 мекеме анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының мониторинг тобы екі күнде карантин шаралардың 25 бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мониторинг тобының мәліметінше, Алматының көңіл көтеру мекемелерінде әлі де жұмыс режимін бұзатындар бар, қонақтарды отырғызу кезінде әлеуметтік қашықтық сақталмайды, қызметкерлер маска тақпайды.

Демалыс күндері Алматыда карантин шараларының 25 бұзылуы анықталды. 17 маусым күні Алмалы ауданында 40-қа жуық адам болған «Дуплет» бильярд клубы тиісті талапты бұзған. Сол күні Наурызбай ауданы Сейтбеков көшесіндегі жеке үйде санитарлық нормалар мен қашықтықты сақтамай 50-ден астам адам болған.

18 маусымда тексерушілер 200-ден астам демалушы болған Медеу ауданындағы «Лейд Найд Шоу» барындағы заң бұзушылықты тіркеді. Осы түні «Billioner» караоке бары тағы да құқық бұзушылар тізіміне кірді, онда шамамен 80 келуші болды.

19 маусымнан 20 маусымға қараған түні Алмалы ауданының «Льдинка» кафесінде әлеуметтік қашықтықты сақталмаған. Онда 150 адам болған. Сол түні тексерушілер Бостандық ауданының «Status» компьютерлік клубынан 80-нен астам геймерді шығарды.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 4 524 хаттама толтырылды. Соның ішінде заңды тұлғаларға 149 764 115 теңге сомасына 427 хаттама, жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 179 658 030 теңге сомасына 4 097 хаттама жасалды. 75 материал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға тапсырылды.

Солардың 54-і бойынша қызметті тоқтату туралы шешім қабылданды.

Мониторингілік топ өкілдерінің айтуынша, өткен аптада тексерушілердің мобильді топтары күшейтілген режимде жұмыс істеді. 920 мекеме тексерілді, 60 бұзушылықтар тіркелді. Жалпы сомасы 5 млн теңгеден асатын 48 хаттама толтырылды. Ең көп бұзушылық Алатау ауданының аумағында анықталды. Онда тексерушілер карантин бұзылған 28 мекемені анықтады.

Еске салайық, Алматы «жасыл» аймақта орналасқанына қарамастан, коронавирус бойынша қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі. Осыған байланысты оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары коронавирус инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек. Кәсіпкерлік нысандардың санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда.


Соңғы жаңалықтар