Алматыда карантин талабын бұзған 25 кәсіпкерге айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда екі күн ішінде мейрамхана, дәмхана, бар, сұлулық салоны, компьютерлік клубтар мен дүкендердің 25 иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша 16 тамыздан 17 тамызға қараған түні белгіленген шектеулердің 13 рет бұзушылғаны анықталды. Құқық бұзушылардың қатарында Бостандық ауданындағы «Weekend Vibes» кафесі бар. Олар карантин кезінде рұқсат етілген жұмыс уақытынан кейін 40 келушіні қабылдаған.

Шамамен осы уақытта тексерушілер «Восточный двор» кафесінде заңбұзушылықты тіркеді, онда 40-қа жуық адам болды.

Келесі күні тексерулер жалғасты, 17 тамызда Бостандық ауданында шамамен 23:28 сағатта «JAM» барында жұмыс режимінің бұзылуы тіркелді.

Сол күні кешкі сағат 22.43 шамасында сол шағынауданда «Chechil Pub» кафесінен 50 келуші табылған, заң бұзушылықтарға жол берілген.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің талаптарын орындамағаны үшін бұл мекемелердің иелері әкімшілік жауапқа тартылады.

Эпидемиологтардың айтуынша, жасырын кештерде, жабық жерлерде уақыт өткізу арқылы қала тұрғындары өздеріне және айналасындағыларға қауіп төндіреді.

Айта кетерлігі, мекемелерде мұндай заңсыздықтарға дер кезінде тойтарыс беріледі. Мысалы, өткен аптада мониторинг топтары 1000-ға жуық нысанды тексеріп, 124 бұзушылықты анықтады.

Сонымен қатар, қала қоғамдық көліктерде маска режимінің сақталуын бақылау жалғасуда.

Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде бетперде режимін сақтамағаны үшін 105 автобуста жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша 17 жолаушыға қатысты әкімшілік хаттама жасалды.

Тексерушілер автобус жолаушыларына бетперде тағу міндетті екенін, бұл инфекция қаупін азайтатынын түсіндіріп жатыр.

Алматылық эпидемиологтардың мәліметі бойынша, қоғамдық көліктер инфекция жұқтырудың негізгі бес орнының бірі мұнда жұқтыру 17,6%-ды құрайды.

Еске салсақ, Алматыда «қою қызыл» аймаққа шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.


Соңғы жаңалықтар