+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Алматыда карантин режимін бұзған Өзбекстанның үш азаматы ұсталды

2020 жылғы 31 наурыз 13:59
Бөлісіңіз:
Алматыда карантин режимін бұзған Өзбекстанның үш азаматы ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда карантин режимін бұзған Өзбекстаның үш азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде коронавирустан бір тәулік ішінде 596 адам қайтыс болды Қызылордада 6,3 млрд теңгеге модульдік аурухана салынып жатыр Коронавирус көбіне профилактикалық шараның сақталмауынан тарайды – дәрігер

Тәртіп сақышыларының айтуынша, қалада төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан бақылау-өткізу бекеттерін заңсыз айналып өтушілер әлі де бар.

«Алатау ауданында Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олар Бұрындай ықшамауданында орналасқан №3 бекетті айналып өтіп, қалаға кіруге тырысты. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеді. Белгілі болғандай, олар Алматыға жұмыс іздеп келген. Айтуларынша, карантин туралы білмеген. Әрине, бұл жауапкершіліктен босатпайды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шетелдіктерді ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы бойынша (төтенше жағдай тәртібін бұзу) әкімшілік жауапқа тартты және олар әкімшілік қамауға алынды», - дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT