Алматыда карантин режимін бұзған дәрігерлерге қатысты басқарма түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Алматы облысына қарасты бір ауруханының дәрігерлері дәмханада бас қосып, кеш ұйымдастырғаны туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео « БЕСсимптомно « Telegram-каналында жарияланды. Бейнежазбада «Керуен» кафесін тексеруге келгендер жазғы алаңда жайылған дастарханды көрген, алайда адамдар болмаған.

«Анықталғандай, демалып отырған адамар кабинкаларға бөлініп кеткен, ал қалғаны артқы есік арқылы орманға және жолға қашып шыққан. Карантин режимін бұзған Алматы облысы Іле ауданындағы Орталық аудандық аурухананың қызметкерлері болып шықты»,– делінген «БЕСсимптомно» Telegram-каналында.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының хабарлауынша, тексеру барысында дәрігерлер тарапынан карантинді бұзу анықталған жоқ - факт расталмады.


Соңғы жаңалықтар