Алматыда карантин режимін бұзған 8 нысан анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматының мониторинглік топтары карантин шараларының сақталуы бойынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 қарашада Алматы қаласы бойынша мониторинг топтары карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында 26 нысанға тексеру жүргізді. Ережені бұзған 8 нысан анықталды.

Алмалы ауданының мониторингілк тобы М. Мақатаев көшесі 117 А мекенжайындағы «LORD Game- Hub» компьютерлік клубының жұмыс істегенін анықтады. Сондай– ақ, С. Мұқанов көшесі 130 мекенжайында орналасқан «Дореми» караокесі келушілерге қызмет көрсеткен.

Әуезов ауданында заң бұзған екі нысан анықталды:

– Төле би көшесі 279 Б мекенжайы бойынша «Urgrade» компьютерлік клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;

– Төле би көшесі 279 Б мекенжайы бойынша плейстейшн клубы келушілерге қызмет көрсеткен;

Бостандық ауданында «Көктем-2» шағын ауданы №2 мекенжайы бойынша «Shtorm» ойын клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;

– Масаншы көшесі 100 мекенжайы бойынша ойын клубы жұмыс істеген;

Медеу ауданында Достық даңығылы 48 мекенжайы бойынша Loto Club – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;

– Сейфуллин даңғылы 9 а мекенжайы бойынша Донер Кебаб дәмханасы – карантин режиімін бұзды.

Заңды тұлғаларға қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданатын болады.


Соңғы жаңалықтар