Алматыда карантин режимін бұзған 24 нысан анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматының мониторинг топтары карантин шараларының сақталуы бойынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жедел штаб отырысында атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 4-10 қазан аралығында Алматы қаласы бойынша мониторинг топтары карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында 195 нысанға тексеру жүргізді. Ережені бұзған 24 нысан анықталды. Нәтижиесінде 106 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға 7 млн теңгеден астам сомаға 21 хаттама жасалды. Маска режимін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға қатысты 3,7 млн теңгеге 85 хаттама толтырылды. Ashyq жобасы бойынша биылғы жылдың 29 қыркүйегі мен 5 қазаны аралығында жобаға қатысатын объектілердегі 171 келушіде «қызыл» мәртебе, «сары» – 37 адамнан расталды. 4-8 қазан аралығында «қызыл» мәртебесі бар 114 жеке тұлғаға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар