+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Алматыда карантин режимі күшейе түспек

2020 жылғы 27 наурыз 22:01
Бөлісіңіз:
Алматыда карантин режимі күшейе түспек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы бүгін түнгі 00:00 бастап күшейтілген карантин режіміне көшеді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифинг барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, коронавирустың таралуына байланысты жағдай әлдеқайда күрделі болып отыр.

«Қауіпті бағаламау – жауапсыздық әрі заң бұзғанмен тең. Біз вирус жұқтырғандарды анықтау, оқшаулау және қауіпті індеттің таралуын болдырмау үшін шұғыл түрде барлық қажетті шараларды қолданып жатырмыз.

Бұл жұмыста бізге сіздердің қолдау көрсеткендеріңіз аса маңызды. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін жүзеге асыру мақсатында қосымша шектеу шаралары бекітілді.

Біріншіден, карантин режімі күшейеді.

Бүгін түнгі 00:00 бастап адамдардың қозғалысына шектеу қойылады.

Адамдарға ерекше қажеттілік болмаса қаланың ішінде жүруіне болмайды. Тек азық-түлік, дәрі-дәрмек, шұғыл медициналық көмек алу үшін ғана келуге болады.

Қоғамдық орындарға бір отбасынан бөлек 3 адамнан артық жиналуға болмайды. Қонаққа барып, қонақ күтуге тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға үйде отыруға кеңес береміз. Мұқтаж адамдарға волонтерлер мен әлеуметтік қызметкерлер көмектесетін болады. Кәмелеттік жасқа толмағандарға үлкендерсіз жүруге тыйым салынады.

Карантин аясында барлық жаяу жолдар, скверлер, парктер, жағалаулар, спорт алаңдары жабық тұр. Діни ұйымдардың орындары да жабылды. Бірақ үй жануарларын серуендетуге болады.

Екіншіден, бүгінгі Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес 30 наурыз - 5 сәуір аралығында меншік формасына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметі тоқтатылады. Тек қалалық басқару, азық-түлік, медициналық, ветеринарлық, қала қауіпсіздігін бақылау органдары, БАҚ жұмысынан басқа қызметтердің барлығы тоқтайды. Кәсіпорындар тізімі сайтта жарияланатын болады.

Бұл шаралардың барлығы қоғамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен болашағын қамтамасыз ету үшін қолға алынып отыр.

Бұл күндері әрқайсымыз ортақ мақсат жолында жеке де, ұжымдасып та азаматтық белсенділігіміз бен жоғары жауапкершілігімізді көрсете білгеніміз абзал.

Біз жеке гигиена шараларын сақтау мен оқшаулану арқылы коронавирус инфекциясының таралуын тежей аламыз.

Біз осынау күрделі жағдайдан тек бәріміз бірге күш жұмылдырып қана абыроймен шыға аламыз.

Алматылықтар! Біз біргеміз!», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT