Алматыда карантин күшейді: Демалыста базарлар мен сауда орталықтары істемейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта сауда ойын-сауық орталығы мен кафе, мейрамхана мен базарлардың жұмысына шектеулер енгізу жайы қамтылған.

Жұмыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі.

Ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салынды.

Сенбі, жексенбі күндері жабық базарлар жұмыс істемейді. Жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін рұқсат етілді.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне 9:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат. Толымдылық деңгейі 50% аспайды, әр үстелге 4 орыннан рұқсат беріледі. Әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, термометрияны сақтау қажет.

Сондай-ақ, жаңа қаулыда сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан тамақтандыру орындары мен фудкордтардың жұмысын шектеу жайы қарастырылған.

Олар сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін алдын ала жазылу арқылы тек дайын тамақты үйіне жеткізу бойынша қызмет ете алады.


Соңғы жаңалықтар