Алматыда карантин кезінде жақын дүкен мен дәріхананы қалай табуға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Күшейтілген карантин режімінде ең жақын азық-түлік дүкені мен дәріхананы қалай табуға болады? Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамдар жақын арадағы дүкендерге ғана баруы керек. Бұл мәселе тек тұрғындар арасында ғана емес полиция патрульдеріне де түсіндіріледі. Штаб басшысы, қала әкімі күнде таңғы жиналыстарда осыған мән береді. Әр полиция қызметкері әр ситуацияға түсінікпен қарауы тиіс», - деді қала әкімі.

Бұл қашықтықты полиция арнайы планшеттер арқылы бақылайтын болады.

«Оларда планшет, телефон, гаджеттер бар. Google, 2gis, Яндекс қосымшалары жүктелген. Полиция осылай әр адамның жүрісін реттейтін болады. Тек жекеменшік сектордың тұрғындарына қатысты талап өзгеруі мүмкін. Адамның қолында азық-түлік болмаса ешкім оны қамап тастамайды. Бұл – мәжбүрліктен туып отырған шара. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, адамдар толық оқшауланса ғана індет көрсеткіштері төмендейді. Өкінішке орай бұл көрсеткіш әлі өсіп келеді», - деді Е. Қожағапанов.


Соңғы жаңалықтар