Алматыда карантин кезінде тұрғындарға қызмет көрсеткен нысандар анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының орталығында сауналар мен спа-салондарда жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрамында Медеу ауданының полиция қызметкерлері бар мониторингтік топ сегіз саунаны, спа-салондарды және боди-массаж қызметін ұсыну нысандарын тексерді. Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталды.

«Рейдтер түнгі уақытта жүргізілді. Бұл мекемелерде жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің де жұмыс істейтіні, олардың кейбірінің құжаттары мүлдем болмағаны анықталды. Бір сөзбен айтқанда, притондар «дене массажы», «СПА-салон» және «сауна» белгілерімен жұмыс істеді. СЭС өкілдері мекеме иелері мен әкімшілеріне қарсы ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес шаралар қабылдады. Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 492-бабы мен ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналды», – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Елнұр Кұдретбаев.

Сонымен қатар, ол жұмысшыларды, сондай-ақ сауналар мен салондарға келушілерді құқық бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау және олардың басқа заңсыздықтарға қатысы бар-жоғын тексеру мақсатында полицияға жеткізілгенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар