+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Алматыда карантин кезінде суға шомылуға тыйым салынды

2020 жылғы 22 мамыр 13:41
Бөлісіңіз:
Алматыда карантин кезінде суға шомылуға тыйым салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы онлайн брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда карантин мерзімінде өзен-көлдерде шомылуға тыйым салынады.

Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, майор Бекболат Бұғабаев айтты.

«Алматы аумағы бойынша 28 шағын өзен ағады, 26 су қоймасы бар. Қала әкімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі бекітілген қаулысы бойынша соның 4-інде ғана шомылуға рұқсат етілген. Олар - Сайран көлінің батыс бөлігі Төлеби көшесінен оңтүстікке қарай 200 метр аралық, Сайран көлінің шығыс бөлігі Төлеби көшесінен оңтүстікке қарай 200 метр қашықтық, Д.Қонаев атындағы ҮАК бойында орналасқан Баум тоғайы жағажайында, Д.Қонаев атындағы ҮАК бойында орналасқан «Гүлдер» демалыс аймағында шомылуға рұқсат етілген», - деді Бекболат Бұғабаев.

Маманның айтуынша, карантин аяқталғанша бұл су қоймаларында шомылуға рұқсат жоқ.

«ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №36 бұйрығына сәйкес карантин жалғасып жаткандығын атап өткен жөн. Сондықтан, әзірше шомылуға рұқсат жоқ», -деді Б.Бұғабаев.

Департамент өкілі аталған су қоймаларынан бөлек жерлерде шомылған адамдар әкімшілік жазаға тартылатынын айтты.

«Осы жерлерден бөлек су қоймаларында, тау өзендерінде шомылған адамдарға бірінші рет ескерту жасалады. Ол ескерту базаға тіркеледі, екінші рет сол адам қайта шомылса, 2 АЕК мөлшерінде, яғни 5556 теңге айыппұл төлейді», - деді спикер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT