Алматыда карантин кезінде мектептің салтанатты жиыны қалай өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин, қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектеп директорларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Басты мақсат – мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау шараларына дайындықты пысықтау, санитарлық эпидемиологиялық талаптарды орындау, ҰБТ өткізу процесінің талаптарын орындау, 1-сыныпқа қабылдау шарттары талқыланды», - деді қалалық баспасөз қызметінен.

Бүгінде Алматыда 261 мың оқушы бар. Биыл қалада 9 299 түлек мектеп бітіреді. Олардың 8 667-і мемлекеттік мектепті бітірсе, 632-сі жекеменшік мектеп түлегі.

Қалалық Білім басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес:

Білім беру ұйымдарында оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

9-11 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізілмейді.

Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектепті бітіргені жөніндегі аттестаттау қазіргі баға бойынша жүргізіледі.

Орта білім беру ұйымдарының басшыларына электронды журналдардағы бағаларды түзеуге үзілді-кесілді тыйым салынады.

1-10 сынып оқушылары үшін салтанатты мектеп жиыны қашықтан өткізіледі.

11-сынып бітірген түлектерге аттестат табыстау 3-4 маусым күндері кестеге сәйкес барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау арқылы өтеді.

«Салтанатты жиын тек бітіруші сыныптар үшін өткізіледі және оқушылардың арасындағы әлеуметтік қашықтық кемінде 2 метрден кем болмауы тиіс. Аттестатарды тек сыныптар бойынша табысталады. Бұл шараға оқушылар, олардың ата-аналары мен мектеп ұжымынан қосқанда шамамен 60 адамға ғана қатысуға рұқсат етіледі. Бір сыныптың түлектері мен екінші сыныптың түлектеріне аттестат табыстау шараларының аралығы кемінде 1 сағат болуы тиіс. Жиынға түлектердің отбасынан тек 1-2 ата-ана ғана келуі керек, олардың егде жастағы аталары мен әжелеріне келуден бас тартқаны жөн. Мектептердің әкімшіліктері ата-аналар комитеттерімен, сыныптармен және педагогикалық ұжымдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әдеттегі дәстүрлі форматта өтетін болады», - деді әкімдіктен.


Соңғы жаңалықтар