Алматыда карантин кезінде қай сала көп зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда карантин кезінде бәрінен көтерме және бөлшек сауда саласы көп зардап шекті. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші тоқсан бойынша көтерме және бөлшек саудада тауар айналымының төмендегені байқалды. Көтерме сауда жүз пайыздан төмен түсіп кетті. Өткен жылғымен салыстырғанда бөлшек сауда да төмендеу болды. Қалада жұмысқа қабілетті 900 мыңдай адам бар, алайда олардың 600 мыңдайы қазір табыссыз отыр. Дегенмен, 20 сәуірден бастап қаладағы бірнеше кәсіпорын өз жұмысын қайта бастайды»,– дейді Еркебұлан Оразалин.

Сондай-ақ, ол мекемелердің жұмысы бір ай ішінде шетінен іске қосыла беретінін және 100 мыңдай адам жұмысқа қайта тартылатынын айтты.

«Бізде құрылыс саласы инвестиция көлемі жағынан алғашқы орындарда. Қазірдің өзінде 300– ден астам нысан жұмысын қайта жандандыруға дайын. Оған қоса мемлекет «Нұрлы жер» жұмыспен қамтудың жол картасы аясында кешенді шаралар жасады. Бұл 200-250 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, дегенмен біз алғашқы кезеңде 60-70 мыңдай жұмысшыға рұқсат береміз», – деді Басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар