Алматыда карантин қашан жеңілдейді – бас санитар жауап берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада 22 қарашадан бастап «жасыл» аймақ талаптары енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдің бас санитар дәрігерінің №42 қаулысына сәйкес, өңір «жасыл» аймаққа өткеннен кейін ең кемі 7 күн «сары» аймақ талаптары бойынша жұмыс істейміз», – деді ол.

Әрі қарай қаладағы эпидемиологиялық ахуал жақсарса, қала «жасыл» аймақ талаптарына көшеді.

«Біздің жоспар бойынша «жасыл» аймақ талаптарына 22 қарашадан бастап көшуге мүмкіндік бар. Қазір осы күнді көздеп отырмыз», - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қалада 100 мың адамға шаққанда аурушаңдық 50-ге жетпесе, «жасыл» аймаққа сай карантин шаралары жеңілдетіледі.

«Жасыл» аймақ талаптарына сәйкес, Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіпорын немесе ұйымдар түнгі сағат үшке дейін жұмыс істей алады. Ashyq жүйесіндегі көшбасшылар таңғы 5-ке дейін жұмыс істейді. Егер жекелей алғанда қоғамдық тамақтану орындарында қонақтар саны артады. Егер «сары» аймақта 60% дейін рұқсат берілсе, «жасыл» аймақта орындар саны 70% дейін артады. Ал фудкордтарда «сары» аймақта 20% рұқсат берілсе, «жасыл» аймақта 30% артады», - дейді спикер.

Еске салайық, 18 қарашадан бері Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймақта тұр.


Соңғы жаңалықтар