Алматыда қар жауып, көктайғақ болады - тұрғындарға ескерту жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 желтоқсан күні Алматы тауларында түнде қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстiк- шығыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек.

Осыған байланысты ТЖД көлік иелері мен жаяу жүргізушілерге мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;
- көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
- абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және тағы басқаға) алаңдамаңыз.;
- әрқашан алдыңызға және аяқтың астына қараңыз;
- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
- қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
– есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жер.
Соңғы жаңалықтар