+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда қар жауды: Таңертең 57 жол-көлік оқиғасы тіркелді

2021 жылғы 22 қазан 12:03
Бөлісіңіз:
Алматыда қар жауды: Таңертең 57 жол-көлік оқиғасы тіркелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы ауа райының күрт бұзылуына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мәселесі талқыланды СҚО-да көктайғақтан жеңіл көлік аударылып, бір адам зардап шекті Алматыда «Жамбыл жырау» операсының премьерасы өтті

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

«Бұл үндеу, көлік құралын басқаратын қаланың жүргізушілеріне арналады. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін көрсетуге және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарындағы қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі», - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Полиция өкілінің айтуынша, жедел басқару орталығына бүгін таңертеңгі 08:00-ден бастап «102» пультіне жол-көлік оқиғасы туралы 57 хабарлама түскен. Бұған дейін күн райын болжаушылар Алматыда ауа температурасы күрт төмендейтінін хабарлаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT