Алматыда қар тазалауға 2,3 мың адам жұмылдырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы коммуналдық қызметтері  таңғы 4-тен бастап жауған қарды тазалауға 2 322 жұмысшы, 604 техника жұмылдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таулы аймаққа жауған қардың жамылғысының биіктігі 15 см болса, қаланың ішіне 10 см қар түсті. 

Қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының хабарлауынша, көктайғақтың алдын алу үшін магистральды жолдарда құм себіліп жатыр.

Таңғы 8-дер шамасында жолдарға көктайғаққа қарсы 2 794 тонна құм төселді.

«Казгидромет» РМК болжауынша, 28 желтоқсанға дейін өңірде ішінара қар жаууы мүмкін.

Аудандық әкімдіктер жауған қарды тазалауға тәулік бойы бақылау жүргізіп отыр.



Мұның алдында басқарма басшылығы қала тұрғындары мен қонақтарынан жол шетіне көлік қоймауын талап еткен болатын. Тұрақтағы көліктер қар тазалауға кедергі келтіріп жатса коммуналдық қызмет өкілдері эвакуаторды іске қосуға құқылы екендігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар