+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Алматыда қар тазалауға 1500 жұмысшы тартылды

2021 жылғы 14 наурыз 19:30
Бөлісіңіз:
Алматыда қар тазалауға 1500 жұмысшы тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда таңнан бастап толассыз жауған қар 5-6 см, таулы аймақтарда 20 см-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы «қызыл» аймақтан шықты Алматыда «Бюджетке қатысу» жобаларына дауыс беру басталды Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 169 адамға айыппұл салынды

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 2350 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Таңертеңгі қар тазалауға 552 арнайы техника, оның ішінде 178 құмлақтырғыш пен 1134 жұмысшы жұмылдырылған.

Түнгі уақытта 509 арнайы техника, оның ішінде 171 құмлақтырғыш, сондай-ақ 400-ге жуық жұмысшы шығады деп көзделіп отыр.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, 17 наурызға дейін ауық-ауық жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT