USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда қар тазалап жатқан жұмысшы көлік қағып мерт болды

2018 жылғы 18 қаңтар 21:50
Бөлісіңіз:
Алматыда қар тазалап жатқан жұмысшы көлік қағып мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол шетінде қар тазалап жүрген жұмысшыны көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай Рысқұлов-Жансүгіров көшесінде болған.

Рысқұлов көшесімен батысқа бағыт алған Жигули жол шетіндегі жұмысшыны қағып кетті.

Ол жол үстіндегі қарды тротуарға таман ысырып жатқан.

37 жастағы ер адам жедел жәрдем көлігінде есін жимастан көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайын жол полициясы анықтап жатыр.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT