Алматыда қар салдарынан 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы қалалық полиция Департаменті жол ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түнгі сағат үштен бастап қалада 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды. Оның алтауында адамдар зардап шекті. Жауын-шашынның көп болуы қаладағы жол жағдайын едәуір қиындататыны анық. Кептеліс құбылыстары бар, көліктердің өткізу қабілеті нашарлайды. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, көбінесе кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар туындатады, қауіпті маневр жасайды, бір-бірін сыйламайды. Ал жаяу жүргіншілер жолды тыйым салынған жерден кесіп өтеді. Бұл факторлар жалпы жол жағдайына кері әсер етеді», - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.
Айта кетейік, бүгін түнде Алматыда қалың қар жауды.
- Алматыда жол талғамайтын көлік «Сергек» камераларын алдамақ болған
- СҚО трассасында 4 автокөлік соқтығысты
- Қызылорда облысында тұрғын үй өртеніп кетті
- Қызылорда облысында 4-сынып оқушысы көз жұмды
-
Алматылықтардың 39 пайызы коронавирусты қоғамдық орындарда жұқтырған
-
Цифрлық теледидарға қалай қосылуға болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам