Алматыда қар көшкіні болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы - Ғарыш стансасы жолындағы қауіптің алдын алу мақсатында профилактикалық қар көшкіні жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Үлкен Алматы шатқалының №18 бассейнінде 4000 текше метр қар түсірілді. Профилактикалық шараға «Қазселденқорғау» ММ, ТЖД қызметкерлері, ҚР ІІМ ТЖК құтқару жасағы қатысты.

Жарылыс болған кезде жолда көліктер болмаған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Қалалық ТЖД өкілдері гидрометеорологиялық ахуалға байланысты қар басқан жерлерде жүрудің қауіпті екенін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар