Алматыда қар борап тұр: Тазалау жұмыстарына 554 техника жұмылдырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қар борап тұр. Тазалау жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыға қар бүгін түскі сағат 14.40-тар шамасында жауа бастады.

Қар тазалауға көшеге барлығы 554 арнайы техника бірлігі мен 1482 жол жұмысшысы тартылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік қоятын «қалталарды», көпшілік пайдаланатын орындарды қардан тазарту бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Түнгі кезеңде 17-18 қараша аралығында 491 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 183 құмшашқыш және 323 жол жұмысшысы қар тазалаумен айналысады деп жоспарлануда.
Аудандық әкімдіктер мен мердігерлік кәсіпорындарда қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша 18 қарашаның таңына дейін қар жауады деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар