+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Алматыда қар барысын түсіретін фототұзақты ұрлап кетті

2019 жылғы 13 қараша 16:30
Бөлісіңіз:
Алматыда қар барысын түсіретін фототұзақты ұрлап кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысы тауларын мекендейтін қар барысын түсіруге арналған фототұзақты ұрлаған турист камераны қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылы қызық оқиға болды. Біз Snow Leopard Foundation қоры және зоология институтымен бірлесіп Іле Алатау ұлттық паркінде қар барысын түсіретін фототұзақтар орнаттық. Біз екі құрылғыны бір жерге қойдық. Тауға шыққан турист біреуін өзімен алып кетті. Ол екіншісін көрмеген. Сол екінші камера туристі қырынан түсіріп алыпты. Сол сурет арқылы фототұзақты қолды еткен туристі тауып алдық», - дейді Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аға ғылыми қызметкері Салтөре Сапарбаев.

Оның айтуынша, камера 1-2 күн ішінде қайтарылды. Бұл фототұзақта ерекше кадрлар болған.

«Камераға түнгі Алматының көрінісінде қар барысы тауға қарай бет алып бара жатқан суреті түсіп қалған. Бұл енді таңғажайып сурет»,- деп қосты ол.

Сондай-ақ, ол осы жылдың көктемінде фототұзақ үш қар барысын жақын қашықтықта түсіріп алғанын айтты.

«Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орналасқан Талғар шатқалында мен екі алаңын қасына ерткен қар барысын көрдім. Басында мен оларды бір шақырым қашықтықта көрдім, кейін оларға білдіртпей жақындап 10 метр қашықтықта бақыладым», - деді Сапарбаев.

Оның айтуынша, қазір сирек кездесетін қар барысы жоғалып кету қаупі төнген жануарлар тізімінен шығарылды. Бүгінде браконьерлерге қарсы бағдарлама мен фототұзақ камераларының арқасында олардың саны арта бастады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT