Алматыда қаңтардың алты күнінде 700 адам КВИ жұқтырды – Жандарбек Бекшин

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр.

«Алматы «сары» аймақта тұр. Сондықтан, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында шектеу шараларын бақылауды күшейту қажет болып отыр», - деді Бекшин.

Оның айтуынша, қалада індеттің екінші толқыны қазан айында басталған.

«Үш айда КВИ жағдайларының тіркелуі 14 есе өсті (қыркүйекте – 165 жағдай, қазанда – 366 жағдай), яғни 1 айда 2,2 есе өскен. Қарашада – 1399 жағдай, желтоқсанда - 2256 жағдай тіркелді. Қаңтар айының 6 күнінде коронавирустың 600-ден астам фактісі тіркелді. Қаңтар айына арналған болжам онша жағымды болмай отыр. Осы айда 4500 жағдайға дейін тіркелуі мүмкін», - деді Бекшин.


Соңғы жаңалықтар