Алматыда қаңтарда қару ұрлағандар оның бір бөлігін сатып, қалғанын жасырып қойған

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қаңтар оқиғасында қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 13 қару Алматыдағы үш арнайы іс-шара кезінде тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, арнайы шараны ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті өкілінің басшылығымен криминалдық полиция басқармасының арнайы тобының қызметкерлері жүргізген.

Полицияның арнайы жасақтары осы жылдың қаңтар айында қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқан алты күдіктіні ұстады.

«Күдіктілер қарудың бір бөлігін сатып үлгерген, екінші бөлігін жасырып қойған. Қаруды тығып кеткен орын табылды. Оларды қаланың әртүрлі бөліктеріндегі қаңырап бос жатқан жерлерге жасырған. Қоймалардан оптикалық көздеуіштер және басқа да аңшылық құралдар табылды. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы тіркеді»,- деп хабарлады полициядан.

Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар