Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған екі қап қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар айында ұрланған автомат, граната және басқа да қарулар қоймаға жасырылған. Бұл туралы Алматы полициясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері мен Алматының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тапты.

Екі қап қару мен оқ-дәрі Түрксіб ауданындағы Гете көшесінде жасырылған. Онда қару-жарақ пен оқ-дәрінің 20-ға жуық түрі бар: оның ішінде Калашников автоматы, «Штурм» бес рет оқталатын ұңғылы шолақ мылтығы, 9 мм калибрлі газ револьвері, екі граната, әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон.

Сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар