Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген ғимарат жөнделіп бітті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қираған Amanat партиясының бұрынғы ғимараты қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия балансында болған ғимарат Төле би көшесі, 277 мекенжайында орналасқан. Алайда, партия филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ғимарат енді басқа меншік иесіне тиесілі.

«Осыған дейін бұл ғимаратта партияның Әуезов аудандық филиалы орналасқан болатын. Материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту мақсатында 2021 жылдың 23 желтоқсанында филиал басқа жаққа көшті», - деп атап өтті партияның баспасөз қызметі.

Еске салайық, қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда ғимараттар, стратегиялық нысандар, арнайы қызметтердің көліктері мен адамдар зардап шекті.


Соңғы жаңалықтар