Алматыда қаңтар мен ақпанда қандай ауа райы болжанады - Қазгидромет

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жақын күндері қалың қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Казгидромет» РМК хабарлағандай, 2021 жылдың қаңтары мен ақпанында ауа райы құбылмалы болады.
Қыстың соңында жауын шашын, қар жылдағыдан көп түседі деп болжанып отыр.
«Қазақстанның оңтүстік шығысына Атлантика жағалауларынан жылы, ылғалды ауа массасы келіп тұрады. Ал жерге жақын белсенді циклондық белсенділік байқалады. Яғни атмосфералық фронттардың әсерінен қала аумағына жауын шашын мол түсетін болады», - деді синоптиктер.
Одан бөлек қаңтарда бірнеше толқын суық жүреді.
Қаңтардың екінші онкүндігінің ортасынан соңына дейін ауа температурасы күндіз – 13,- 18, күндіз -3,-8 градус болады.
Бір айда түсетін жауын шашын көлемі қалыпты деңгейден артық болмақ.
Ал ақпанда тұман мен көктайғақ жиі болады.
Айта кету керек, кеше Алматыда толассыз қар жауып, жүздеген жұмысшы 3 мың текше метр қарды қала сыртына шығарған болатын.
Полиция жол апатының алдын алу мақсатында жол ережесін қатаң сақтауды ескертті.
- Бес қалада ауа сапасы нашарлайды
- Қостанай облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына тыйым салынды
- Қызылордада қалың қар жауып, көлік қозғалысына шектеу қойылды
- СҚО: Аяз буып тұр, жолдар жабылады
-
Түркістан облысындағы «Ұланбел-Созақ-Екпінді» жолы жабық
-
ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам