Алматыда қаңтар қырғынында көз жұмғандардың құрметіне пантеон салынады
2022 жылғы 20 қаңтар 12:18

Алматыда қаңтар қырғынында көз жұмғандардың құрметіне пантеон салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаңтардағы оқиғаларға арнап пантеон салынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық штаб отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан адамдарды еске алуға арналған пантеон салынады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен жақында қаңтар оқиғаларына арналған пантеонның эскизін дайындауға арналған ашық сәулет байқауы жарияланады», - деді Алматы әкімі.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы тәртіпсіздік барысында зардап шеккен дәрігерлерге, полицейлерге және өрт сөндірушілерге 2 млн теңгеге дейін қаржы бөлінетінін айтқан болатын.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT